Ауа райы: Қызылорда облысында жел күшейеді

Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады.
Күндіз оңтүстіктін таулы аймақтарында нөсер жауын жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте – найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жауады.
Оңтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні – 15-20 м/с.