8 мамырға арналған ауа райы болжамы
BAQ.KZ. Синоптиктер 8 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады.
Күндіз оңтүстіктін таулы аймақтарында нөсер жауын жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте – найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында жел екпіні – 23 м/с. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
https://baq.kz/