12 мамыр күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін.
Атырау облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.