Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

   kyzylorda-news.kz Тоқты
Таңертең жолыңыз болмай, ісіңіз алға баспайды. Осы сәтте көңіл-күйіңіз түсіп, жаныңыз жараланады. Кез келген мәселені уайымдайсыз. Барлығы жоспарға сәйкес болғанын қалайсыз, алайда барлығы сіз қалағандай болмайды.
Торпақ
Оңай жерде олжа жоқ. Табысқа жету үшін біраз тер төгуіңізге тура келеді. Мәселен кез келген істе табандылық таныта біліңіз. Сонымен қатар тәуекел етіп, шешім шығаруда қателеспеңіз.
Егіздер
Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынаста шыдамды болыңыз. Қарсы тұрған адамның ойын оқуға тырысыңыз. Бұл өзіңіз үшін қажет болады. Бір бірімен ұрысқан жандарды татуластыру сіздің қолыңызда.
Шаян
Өзіңізге көп салмақ салмаңыз. Жауапкершілік жүгін артып, жанкештілікке барудың қажеті жоқ. Күнделікті шаруаны тындырып, маңызды мәселелерді дер кезінде шешсеңіз болғаны.
Арыстан
Түске дейінгі уақыт жаңа жұмысты бастауға қолайлы. Бұл істі ұршықша иіру сіздің қолдан келеді. Барлығын толық меңгеруге көп уақыт жұмсамайсыз. Өкініштісі, бұл жұмыс сіздің барлық күш-жігеріңізді сарпып алады.
Бикеш
Бүгін өзіңізді бақылаңыз. Әр сөзіңізге, әр ісіңізге мұқият болыңыз. Барлық шаруа сіз ойлағандай жүзеге аспайды. Сондықтан жоспарларыңызды өзгертуге тура келеді. Эмоцияға берілмеңіз.
Таразы
Керемет күн. Өзіңізді сабырлы ұстап, барлық іске мұқият мән беретін боласыз. Өзгелердің арам пиғылмен ермейсіз. Мәселенің ақ-қарасын ажырата білуіңіз табысты болуға жол ашады.
Сарышаян
Бүгін өзіңізді, сезімдеріңізді басқару қиынға соғады. Тіпті адамдармен тіл табысу қиындай түседі. Бұрын ашық әңгімелесе алатын жанмен де сырласу қиындайды. Жақындарыңызбен  кикілжің туындап жатады.
Мерген
Жемісті күн. Бұрын тек армандап қана жүрген істі аяқтап, табысқа кенелесіз. Барлық қалағаныңызға жету үшін қолдан келгенді жасайсыз. Жұмыста да бастама көтеріп, игі істің басынан табыла біліңіз.
Тауешкі
Бүгін ештеңені уайымдамай алаңсыз демаласыз. Барлығы сіз жоспарлағандай жүзеге асады. Ал егер жоспардан тыс жағдайлар орын алса, оның өзін өз пайдаңызға жарата аласыз. Сондай-ақ бүгін жаңа істі меңгересіз.
Суқұйғыш
Достарыңызды қиындықта қалдырмаңыз. Өзгелердің сөзіне еріп, оларды қараламаңыз. Өсек-аяңға сенбеңіз. Жақындарыңызбен әңгіме барысында олардан күдіктенудің, әр сөзінен ілік іздеудің қажеті жоқ.
Балықтар
Болмашыға жүйкеңізді жұқартып, жаныңыздағы адамдармен тәжікелесудің қажеті жоқ. Уақытыңызды болмайтын әңгімелермен жоғалтпаңыз. Өз ісіңізге мұқият болғаныңыз жөн.
13 мамыр 2020 ж. 444 0