Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

  kyzylorda-news.kz Тоқты
Айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, тез тіл табысасыз. Жұмыста табысты боласыз. Дегенмен аздап тер төгіге тура келеді. Өмірлік ұстанымдарыңыз тым жоғары. Бүгін қызықты ұсыныстар келіп түседі.
Торпақ
Түске дейінгі уақытыңыз жемісті болады. Осы уақытта алдыңыздан жаңа жол ашылып, қызықты ұсыныстар қабылдайсыз. Сонымен қатар жаңа таныстықтар күтіп тұр. Түстен кейін аздап шаршап қалуыңыз мүмкін. Жеке қалғанды қалайсыз.
Егіздер
Кез келген қиындықты жеңуге талпынасыз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз, мақсатқа жетуге деген талпынысыңыз барлығын жеңіп шығады. Романтикалық кездесуге барасыз. Сабырлы болыңыз.
Шаян
Күнделікті атқарып жүрген ісіңіз мақсатқа жеткізеді дей алмаймыз. Көздегеніңізге жету үшін ұшқыр қиялыңызды қосыңыз. Іскерлігіңіз барлығына ұнайтыны сөзсіз. Дегенмен сізге жан-жақтылық қажет.
Арыстан
Сәтті күн. Күніңіз жемісті басталып, барлық шаруаны кейінге қалдырмауға тырысасыз. Бүгінгі жоспарларыңызды аз уақытта орындай аласыз. Кешке қарай болашағыңызға жоспар құрыңыз.
Бикеш
Таңертеңмен аздаған қиындықтар туындайды. Бұл уақытқа ешқандай жоспар құрмаған дұрыс. Мазаң адамдармен қарым-қатынас орнатпаған жөн. Қандай да бір мәселе де тек өзіңіз шешім қабылдаңыз.
Таразы
Мазасызданбаңыз. Кез келген мәселені дер кезінде шеше аласыз. Сондықтан абыржымаңыз және көңілге қонымсыз ұсыныстардан бас тартыңыз. Түстен кейінгі уақыт тыныштықта өтеді. Осы кезде маңызды шаруаларыңызды бітіріп алыңыз.
Сарышаян
Табысқа жетемін десеңіз, мықты болуыңыз керек. Сонымен қатар шешімді дұрысқабылдай білгеніңіз жөн. Қарсыластарыңыздың алдында өз ұстанымдарыңызды қорғай біліңіз. Бүгін сізден мықты адам жоқ.
Мерген
Қызықты идеялардан, пайдалы ұсыныстардан бас тартпаңыз. Олардың барлығы қиын деп бірден шешім қабылдау дұрыс емес. Алдымен жұмыс жасап көріңіз. Сонда ғана қызықты іспен айналысып жатқаныңызды ұғасыз.
Тауешкі
Бүгін жетістікке қол жеткізіп, жұмыста жемісті боласыз. Алдыңызға зор мақсат қоя біліңіз. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндігіңіз жеткілікті. Жаңа жұмыс көзі ашылады. Өзіңізді басқа салада сынап көріңіз.
Суқұйғыш
Қандай іс бастасаңызда жұлдыздар сізге қолдау білдіреді. Жұмыста ұсақ-түйекке мән беріңіз. Қаржыға қатысты істе тәуекелге бармаңыз. Себебі кейін материалдық қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін.
Балықтар
Айналыңыздағы адамдармен тіл табысу қиынға соғады. Сіз үшін пікірі өте маңызды адаммен түсініспеушілік орнауы мүмкін. Түстен кейін жұмысқа деген белсенділігіңіз бәсеңдейді. Сондықтан аздап тынығып алғаныңыз жөн.
30 сәуір 2020 ж. 331 0