Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түменова: Бедеулiктiң бiр себебi — ауладағы дәретхана

Түменова: Бедеулiктiң бiр себебi — ауладағы дәретхана

«Үздік денсаулық сақтау ісі — дені сау ұлт» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда «Аман-саулық» қоғамдық қорының президентi Бақтылы Түменова бедеулiктiң себептерiн атады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Түменованың айтуынша, денсаулыққа медицина ғана емес, адамның өзi де жауапты.
«Аурумен, өлiмге үш күн қалғанда емес, iндет басталғанға үш жыл қалғанда күресу керек» деген қытай мақалын мысалға келтiргiм келедi. (...) Елiмiздегi отбасылардың 15 пайызы — бедеу. Бүгiнгi таңда бiздiң мемлекет жасанды ұрықтандыруға (ЭКО) қаржы бөледi. Бiр ЭКО процедурасы кем дегенде 700 мың теңге тұрады. Өткен жылы 900 квота бөлiнсе, биыл да сонша бөлiндi. Дегенмен, 900 квота жеткiлiксiз. Сондықтан, бедеулiктiң алдын алу керек. Ал, оның алдын алу салық төлеушiлердiң қомақты қаржысын сақтап қалуға мүмкiндiк бередi», — дедi Бақтылы Түменова.
Маман бедеулiктiң себептерiн де атады. Оның айтуынша, жасөспiрiмдер арасындағы аборт бедеулiкке жиi әкеледi.
«Сондай-ақ, бедеулiкке мектеп оқушыларына суықтың тиюi де әкеледi. Себебi, қазiргi таңда олардың көбi ауладағы дәретхананы пайдаланады. Бәлкiм, бұл айтылатын жер емес шығар. Дегенмен, осыған назар аудару керек. Суық тиген қыздар мен ұлдар кейiн бедеулiкке ұшырайды. Бұл өте маңызды мәселе. Бұған Денсаулық сақтау министрлiгi ғана жауапты ма? Әрине, жоқ», — дедi Бақтылы Түменова.
baq.kz
06 сәуір 2018 ж. 1 077 0