Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Кез келген адаммен тіл табыса аласыз. Біраз адамға жақсы ой тастап, олардың сізге деген көзқарасы өзгеретін болады. Айналаңыздағы адамдарға сіздің ойыңыз, идеяларыңыз ұнайтын болады.
Тоқты
Күніңіз сәтті басталады. Бүгін маңызды ақпарат аласыз. Бұл сіздің жеке өміріңізге қатысты болмақ. Сонымен қатар бұл ақпарат өміріңізді түбегейлі өзгертетін болады.
Егіздер
Әңгімелесуге, таныстармен дидарласуға сәтті күн. Сіз басқа адамдардың жан-дүниесін түсіне аласыз. Олардың жан-жарасын жазуға көмектесіп, ақыл-кеңесіңізді бересіз.
Шаян
Сақ болыңыз. Күніңіз айтарлықтай жаман емес, дегенмен ойланбай іс жасамаңыз. Ескі таныстарыңыздың ақыл-кеңесін тыңдаңыз. Олардың кеңесі сіздің қателікке бой алдырмаңызға көмектеседі.
Арыстан
Күніңіз керемет өтеді. Қызықты оқиғаларға тап боласыз. Қиын шаруаларды оңай аяқтауға мүмкіндік бар. бұрын жолыңыз болмаған салада қайта бақ сынап, табысқа жетесіз.
Бикеш
Түске дейін мазаңыз қашады. Үйдің тірлігі тек сізге қарап тұрғандықтан, жалғы өзіңіз жұмыс жасауға тура келеді. Барлығы сіз ойлағандай емес. Жоспарыңыз өзгеруі мүмкін.
Таразы
Алға қойған мақсаттарыңызға жету оңай болады. Оған көп күш жұмсаудың қажеті жоқ. Жұмысқа немесе жеке кәсіпке қатысты ұсыныстар түседі. Жаңа идеялар пайда болып, солармен жұмыс жасайсыз.
Сарышаян
Түске дейінгі уақыт керемет өтеді. Қызықты идеялар ойыңызды «жаулап» алады. Бұл идеяларыңызды жүзеге асыру үшін ескі және жаңа таныстарыңыз көмек көрсететін болады.
Мерген
Табандылық танытыңыз. Сонда ғана нәтижеге жете аласыз. Тәуекел етпей табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан барлық істе табандылық, тиянақтылық танытыңыз.
Тауешкі
Кез келген істе жолыңыз болады. Әр бастаған шаруаңыз сәтті аяқталып, табысты боласыз. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Ол қандай шешім шығару керек екенін нақты біледі.
Суқұйғыш
Жақсы күн. Түрлі идеялар ойлап, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырасыз. Осы тың ойларыңызды іске асыру үшін қолдау көрсететін адам табуыңыз қажет. Бұрын бірге жұмыс жасаған әріптестермен байланыс орнатасыз.
Балықтар
Таңертең жолыңыз болады. Сондықтан көптен бері бітпей жүрген шаруаңызды аяқтасаңыз болады. Сондай-ақ бүгін бұрын жанжалдасқан жандармен қайта татуласуға мүмкіндік бар.
kyzylorda-news.kz
22 мамыр 2020 ж. 490 0