Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгін білім көкжиегін кеңейтетін күн. Сондай-ақ бүгін білім беру саласының және саясатқа жақын жандардың жолы болады.
Торпақ
Егер күш-қуатыңыз тасып, энергияға толы болсаңыз күніңіз сәтті өтетін болады. Саяхаттап немесе жұмыс барысымен сапарға шығуыңыз мүмкін.
Егіздер
Айналаңыздағы адамдардың көңілін өзіңізге аудара аласыз. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз артып, таныстарыңыздың арқасында біраз шаруаны тындырасыз.
Шаян
Қосымша табыс көзін табасыз. Осыдан кейін қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. Денсаулығыңызға көп мән беріңіз.
Арыстан
Адамдармен байланыс орната біліңіз. Көмек керек жандарға қол ұшын созыңыз. Сонымен қатар бүгін жолда сақ болыңыз.
Бикеш
Денсаулығыңызды күтіңіз. Дұрыс тамақтана біліңіз. Ағзаңызға дәрумендер жетіспейді. Әсіресе сүйектерге қажетті дәруменді пайдаланыңыз.
Таразы
Өзіңіздің тапқырлығыңыздың және тың тәжірибелеріңіздің арқасында барлық шаруаларыңызды соңына дейін жеткізесіз. Қаржы мәселесі де оң шешіледі.
Сарышаян
Сіздің іскерлігіңіз бен өз ісіңізге деген ынтаңыз жұмыста табысты болудың басты кепілі болмақ. Егер сіз жұмыс алушы болсаңыз онда бүгін сіз үшін сәтті күн. 
Мерген 
Бүгін бар назарыңызды жеке өміріңізге аударыңыз. Бүгінгі күн ғашық болуға, сезіміңізді білдіруге қолайлы күн. 
Тауешкі
Сәттілік серігіңізге айналады. Қызметте өсуді көздейсіз. Сіздің талантыңыз, іскерлігіңіз көлеңкеде қалып қоймайды.
Суқұйғыш
Бүгін ешқандай мәселе туындамайды. Күш-қуатыңыз да тасып, барлық шаруаны тез атқара аласыз.
Балықтар
Бүгін іскерлік кездесулер ойдағыдай өтеді. Серіктестермен бірге жұмыс көлемін ұлғайтып, істеріңіз берекелі болмақ.
kyzylorda-news.kz
 
25 мамыр 2020 ж. 548 0