Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданымызда өткен тәулік бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 дерегі анықталды.

Ауданымызда өткен тәулік бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 дерегі анықталды.

Қазіргі таңда науқастармен жақын қарым-қатынаста болған 13 адам үй жағдайындағы карантинге алынды. Бұдан бөлек, науқастардың жұмыс орны бойынша 37 адам, қосымша 55 адам анықталып отыр. Қарым-қатынаста болған адамдардан вирусологиялық зертханаға сынамалар алу жұмыстары жүргізілуде. Науқас ошағында, науқасты және қарым-қатынастағыларды тасымалдаған жедел жәрдем көліктеріне қорытынды залалсыздандыру шаралары жасалды, - деп хабарлады аудан әкімі М.Оразбаев өзінің фейсбук парақшасында.
Құрметті аудан тұрғындары! Төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Әлі де карантин ережелерін сақтауға тиіспіз. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қауіпті індеттің әлде де толастамай, анықталу дерегі тіркеліп жатқанына куәсіздер. Орын алған жағдайдың бәрі де бірінші кезекте жауапкершілікке келіп тірелетіні белгілі. Себебі, қазіргі таңда тұрғындарымыз көпшілік ортада бетперде тағуды ұмытып, сақтық шараларын сақтауға құлықсыздық танытуда. Ал, карантин шараларын босаңсыту аурудың өсуіне әкелетін бірден бір фактор.
Сондықтан, дәл қазіргі індеттің алдын алып, оны тоқтату ең алдымен өз қолымызда екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы орайда, барлық сақтық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатынын айтқым келеді.
Сондықтан, халық көп шоғырланатын жерлерге бара қалсаңыз, міндетті түрде бетперде, арнайы қолғап пайдаланыңыздар. Арақашықты сақтау басты қаперіңізде болсын. Дүкенге барғанда, тағы басқа қажет жерге бара қалсаңыз, осы қағида жадыңызда болсын. Сонымен қатар, салт-дәстүрге байланысты түрлі шараларды, той-домалақты барынша шектеуіміз керек. Ең бастысы, аса қажет болып тұрмаса, кісі көп жиналатын жерлерге бармаған дұрыс.
Қадірлі ағайын! Мамандардың кеңесіне құлақ асып, тиісті сақтық шараларын сақтап, бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамын.
26 мамыр 2020 ж. 652 0