Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 мыңнан асты
Коронавируспен ауыратындардың жалпы саны елде 9304-ке дейін өсті.Айта кетейік, қазірдің өзінде 4613 адам аурудан айыққан.Еске салайық, 26 мамыр күні кешке коронавирустан қайтыс болған тағы екі қазақстандық туралы белгілі болды. Бұл жағдайлар Нұр-Сұлтан мен Қостанай облысында тіркелді. Ауру құрбандарының саны 37-ге жетті.
Бұған дейін, ҚР денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем шақыру керек болатын коронавирустың белгілері туралы айтқан болатын. Естеріңізге сала кетейік, олардың қатарында дене қызуы, құрғақ жөтел, ентігу кіреді.










