Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгін құрған жоспарларыңыздың барлығы орындалады.  Сондықтан тәуекел етіп біршама жоспар құрсаңыз болады.  Жұмыста ешқайда асықпағаныңыз жөн.  
Торпақ
Өмір жолында түрлі сынақтар кездесуде. Осы тығырықтан шығудың жолдары тек сіздің қарым-қабілетіңізге байланысты болмақ.
Егіздер
Ашу үстінде айтылған ойларыңыз ақылға қонымсыз болуы мүмкін. Әлбетте ондай ойларыңыз әлдекімнің жанын жаралайды және өзгелермен кикілжің туындайды.
Шаян
Бүгін сіз дұрыс, әрі нақты шешім қабылдайсыз. Алдағы күндерді аздап болжайтындығыңыз бар, сондықтан қандай оқиға орын алатынын жақсы білесіз. 
Арыстан
Жақсы табыс табуға мүмкіндік туып тұр. Нәзікжандар жаңа таныстықтар күтуде. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, бүгін бұл салада белсенділік танытасыз.
Бикеш
Тапсырманы орындау барысында өзіңізге шектеу қоймаңыз. Істі соңына дейін апарыңыз. Шыдамды, сабырлы бола біліңіз.
Таразы
Бүгін қызметіңіз жоғарылап, табыс табудың жаңа көздері пайда болады. Сонымен қатар сүйікті ісіңізді қолға аласыз. Өз ұстанымдарыңыздан таймаңыз.
Сарышаян
Қордаланып қалған мәселелерді шешуге тырысыңыз. Ол мәселелерге сіз көптен бері көңіл бөлмегеніңіз анық. Шкафтар мен сөрелерді жиыстырыңыз.
Мерген
Ақша жинауға, лауазымды тұлғадан көмек сұрауға өте қолайлы күн. Бүгін сіз өз болшағаңыздың іргетасын қалауыңыз мүмкін.
Тауешкі
Өзіңізге керек емес заттардан құтылыңыз. Сондай-ақ сізге қуаныш сыйлай алмайтын, көңіліңізге қаяу түсіріп жүрген қарым-қатынастарды да үзіңіз.
Суқұйғыш
Эмоцияға көп берілмеңіз және өзіңізге көп салмақ салмаңыз. Дүкен аралайтын болсаңыз, бүгін жолыңыз болады. Бірақ электронды жабдықтар сатып алмаңыз.
Балықтар
Бүгін қайырымдылық жасайтын күніңіз. Ішкі эмоцияңызды шығаруға, өз сезіміңізді білдіруден және махаббатыңызды мойындаудан қорықпаңыз.
kyzylorda-news.kz
29 мамыр 2020 ж. 456 0