Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әр бала балалық шағын бақытты өткізуге қақылы" - Тоқаев

"Әр бала балалық шағын бақытты өткізуге қақылы" - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық балаларды бүгінгі мерекемен құттықтады. Президент құттықтауын twitter желісіндегі парақшасында жазды. - Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы", - деп жазба жариялады. 1 маусым тарихына тоқталып өтетін болсақ, 1949 жылы Парижде әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының конгресі өтеді. Бұл конгресте балалар бақыты, әлем тыныштығы тақырыбы қозғалады. Себебі екінші дүниежүзілік соғыстан соң балалар денсаулығы алдыңғы мәселелердің бірі болатын. Соғыстан соң көптеген балалар қараусыз қалып, олардың көз жасы мен зары әлем жұртшылығы назарын еріксіз өзіне аударған еді. 1950 жылдан бастап 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады. Халықаралық балалар күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мереке ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. 
massaget.kz
01 маусым 2020 ж. 842 0