Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді

Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. К/вирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деп жазды Тоқаев.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асты. Аурудан 6240 адам айықса, қайтыс болғандардың саны 48-ге жетті.
04 маусым 2020 ж. 616 0