Жаңадан құрылған Райымбек ауданын кім басқаратыны белгілі болды

ҚазАқпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Кеген ауданының әкімі болып Талғат Байеділов тағайындалды. Ол бұған дейін Райымбек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал Райымбек ауданының әкімі болып Жолан Умаров бекітілді.

Кеген ауданының орталығы Кеген ауылы болса, Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болды.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойған болатын.