Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан тағы 3 адам көз жұмды

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 3 адам қайтыс болды. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індеттен көз жүмғандардың саны 56-ға жетті деп хабарлайды  coronavirus2020.kz сайты. 
Соңғы деректер бойынша, Павлодар облысында 1957 жылы туған ер адам, Атырау облысында 1948 жылы туған әйел, Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам көз жұмды.
"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша індеттен қайтыс болғандар тізімі:
Нұр-Сұлтан қаласы – 9
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 10
Ақмола облысы – 4
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 6
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 6
Түркістан облысы – 1
Еске сала кетейік, Алматы облысында карантин шаралары қайта күшейтіледі.

08 маусым 2020 ж. 438 0