Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА ТАҒЫ 11 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

АРАЛДА ТАҒЫ 11 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Аралда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 науқас жазылып, ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін ауданымызда коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 52 болса, қазіргі таңда оның 48-і жазылып, үйлеріне қайтарылды.
Бүгінде аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінде 3 науқас, үй жағдайында симптомсыз 1 науқас ем алуда. Сонымен қатар, карантиндік стационарда 5 адам, провизорлық стационарда 3 адам медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
13 маусым 2020 ж. 689 0