Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жұқтырған түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Коронавирус жұқтырған түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Коронавирус жұқтырған түлектер ҰБТ-ны қалай тапсыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді. 
Сөзінше, індетке шалдыққан оқушылар ҰБТ-ны бөлек тапсыра алады екен. 
"Түлектердің коронавирусқа шалдығуы жағдайы болуы мүмкін. Сондықтан ҰБТ өткізетін әр пунктте кезекші аудитория бар. Осы орайда қажет болғанда бұл аудиториялар ашылады. Балаларда инфекция болса, олар тестіні жалпы аудиториядан бөлек тапсырады", - деді орталық басшысы. 
Бұған қоса ол осы шаралар өкілетті органның келісімі мен нұсқауы бойынша іске асырылатынын алға тартты. 
"Егер осындай ұсыныстар болса, олар үшін ҰБТ-ны бөлек өткізуге дайынбыз. Біздің мамандар арнайы киімдер киеді. Атап айтқанда, ҰБТ-ны барлығы тапсыратындай жағдай жасауға тырысамыз", - деп қосты Дидар Смағұлов. 
Еске салайық, бұған дейін ҰБТ-да түлектерде ПТР-тест анықтамасы талап етілмейтіні жайлы айтылған еді. 
https://stan.kz/
16 маусым 2020 ж. 429 0