Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТОСПАҒА ҚҰРЫЛҒЫ ҚОЙЫЛДЫ

ТОСПАҒА ҚҰРЫЛҒЫ ҚОЙЫЛДЫ

Кеше Арал ауданындағы «Көкарал» су тоспасында балықтарды тоспадан өткізбейтін арнайы құрылғы іске қосылды. Шараға Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннер мен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов және сала мамандары қатысты.
– Табиғат – ортақ анамыз. Балықты аман сақтап қалу ісіне үлесіміз тисе, игі іс. Құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрдім. Нәтижелі боларына сенемін, – деді Т.Клинер.
Құрылғы балық шошытатын дабыл арқылы жұмыс істейді. Су астында дыбыс ұлғайтқыш колонналар арқылы балықты үркітеді. Қосу тетігіне дейін 220 Вт электр қуаты келгенмен, судағы құрылғыға 12 Вт ток барады. Бұл өз кезегінде қауіпсіздікті нығайтады.
– «Көкарал» су тоспасынан теңізге кеткен балық – шығын. Ол тонналап кетіп жататын. Бұған дейін талай рет көтерілген мәселе еді. Мына құрылғының пайдасы зор. Бұдан бөлек, «Ақбастыға» қарай өзен-көлдер арнасына суды бағыттау арқылы мәселені шешуге болады. Бір жағынан балықшыларға аулайтын жер көбейеді, – дейді байырғы балық шаруашылығы министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов.
«Көкарал» су тоспасына қо­йылған құрылғы туралы газе­ті­міздің келесі нөмірінде толығырақ айтатын боламыз.
Дәулет ҚЫРДАН,
«Сыр бойы».
18 маусым 2020 ж. 353 0