Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ КӨКАРАЛ БӨГЕТІ ЖӨНДЕЛІП, БАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЙТЫН АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛАДЫ

АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ КӨКАРАЛ БӨГЕТІ ЖӨНДЕЛІП, БАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЙТЫН АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Арал теңізіндегі Көкарал су тоспасы жөнделіп, балықты қорғайтын арнайы құрылғы орнатылады. Осылайша жыл сайын шөл далаға кетіп жатқан 4 мың тонна су маржанын сақтап қалмақ. Бөгетті қалпына келтіруге қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінсе, құрылғыны Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық қоры салып береді. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов теңізді өлкеге арнайы барып, мәселемен танысып қайтты.   
Біздің жаңалықтар барлық жерде қолжетімді 2005 жылы Солтүстік Аралды сақтап қалу үшін ұзындығы 13 шақырымдық Көкарал бөгеті салынды. Ғасыр жобасы атанған алып тоспа су айдынын толтырып, өз нәтижесін берді. Теңіздегі тіршілік түледі. Балықтың түрі 24-ке жетті. Судың көлемі 11,5 текше метрге ұлғайды. Алайда балықты ұстап қалатын арнайы құрылғы орнатылмағандықтан, жылына шамамен 4 мың тонна су маржаны шөл далаға ағып кетеді. Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық қоры құрылғыны орнатуға қаржы бөлетін болды.  
Әділбек Айымбетов, Республикалық балық шаруашылығы қауымдастығы кеңесінің мүшесі: Қуанышты мәселе немістер айналысып, көмектесіп жатыр. Балықты қорғайтын құрылғы қояды. Жақындап қалған балық Көкарал бөгетіне қарай дыбыс шығарып, жіберу. Екінші, су айдағыш қою. Төмен жақпен су балығымен қоса  айдап, кіші теңізге қайта құю. Осы жұмыстар жүріп жатыр.   Көкарал – Солтүстік Аралды бөліп тұрған бөгет. Мұнда келетін судың арнасы өзгеріп, көлемі артты. Салдарынан теңіз толқындары бөгет қорғандарына зақым келтіре бастады.   
Әділхан Қарлыханов, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы: Бұрынғы арналарына ақпай тікелей біздің плотинаға әсерін тигізіп жатыр. Яғни 450 метр желініп, қауіп туғызып тұр. Осыған арнайы техникалық экономикалық негіздеме жасалып, құжаттары дайын. 115 миллион теңге ақша керек. Оны Президентіміз келген кезде және ауыл шаруашылығы барлығы шешіп беріп кетті. Тамыз айының аяғында қаржысы дайын болады. Содан кейін бастаймыз. Президент пәрмен берген Арал теңізінің мәселесін уақытылы әрі сапалы жүргізілуін балықшылар қауымы асыға күтуде. 
Ақерке БЕРІКБЕК
kaztrk.kz
26 шілде 2019 ж. 1 268 0