Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ның қорытынды нәтижелері тамыз айында белгілі болады

ҰБТ-ның қорытынды нәтижелері тамыз айында белгілі болады

ҰБТ-ның қорытынды нәтижелері тамыз айында белгілі болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

"ҰБТ-ның бірінші күнінің нәтижелеріне келетін болсақ, шекті балл жинаған адамдардың саны - 4 222 адам. Бұл барлық тестіленушілердің 68,3% құрайды. Ал шекті балл жинамағандар - 1 964, яғни 31,7%. 130 балдан жоғары алғандар - 39. Қазіргі уақытта біз апелляциялық шағымдарды қабылдаймыз. Ережеге сәйкес өтініштер сағат 13-00-ге дейін қабылданады. Жалпы, ҰБТ-ның қорытынды нәтижелері тамыз айында белгілі болады", - деді Наужан Дидарбекова ОКҚ-да онлайн-брифинг барысында.
Оның айтуынша, өтініштерді жергілікті апелляциялық комиссия қанағаттандырғаннан кейін олар түпкілікті шешім қабылдау үшін республикалық апелляциялық комиссияға жіберіледі. Нәтиже бүгінгі күннің соңына дейін беріледі.
Еске салсақ, 160 талапкер ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін жіберілмеді.
Сонымен қатар, жоғары температураға байланысты сынақ бөлмесіне кіруге рұқсат етілмегендер де болды. 

22 маусым 2020 ж. 471 0