Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға кіре алмаса немесе балы жойылса талапкер не істеуі керек

ҰБТ-ға кіре алмаса немесе балы жойылса талапкер не істеуі керек

Қазақстандық талапкерлер маусым айында Ұлттық бірыңғай тестілеуге жіберілмесе де, жоғары оқу орнына түсе алатын болды, деп хабарлайды  stan.kz ақпарат агенттігі.
ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтар айында тапсырған және шектік балл алған түлектердің жоғарғы оқу орнына ақылы бөлімге тапсыруға мүмкіндіктері бар.
"Егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырған болсаңыз, онда бұл куәлікпен жоғары оқу орнына ақылы негізде түсе аласыз", - деді Ұлттық тестілеу орталығы.
Қаңтардағы сертификат егер талапкер тесілеуге кіргізілмеген болса немесе маусымдағы ҰБТ нәтижелері жойылған болса да жарамды.
Биылғы жылы елімізде ҰБТ тапсырудың ережелері күшейтілді.
Алғашқы күні 160 адам тыйым салынған заттарды заңсыз өткізуге әрекеттенгені және ережелерді бұзғаны үшін тестілеуден өту мүмкіндігінен айырылды.
Екінші күні емтиханға 261 қатысушы жіберілмеді, 19 адам жоғарғы дене қызуы болғаны үшін тест тапсыра алмады. 58 талапкер 130-дан жоғары балл жинады, алты мыңнан астамы емтихан тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысындағы ауыл мектебінің түлегі ҰБТ-да ең жоғары балл жинады. Қазірше ол еліміздегі жоғарғы балл жинаған жалғыз талапкер.  


24 маусым 2020 ж. 469 0