Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 28 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

28 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні2019 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді. Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні - 17 мамыр, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні - 28 маусым болып енгізілді.

1995 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мұнай туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты.

2002 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласының атауын Риддер деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.

2010 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

2014 жылы Астанада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының І форумы өтті.
https://syr-media.kz/
28 маусым 2020 ж. 519 0