Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды

Жанашыр жақындары мен отбасына көңіл айтамыз! Алла рахымына алсын! Сманов Әбдіғаппар Шәкірұлы 1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Білімі: Жоғары Еңбек жолы: 1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді . 2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары. 2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын алды.