Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Батаны қашықтан жасау керек – бас мүфти

Батаны қашықтан жасау керек – бас мүфти

BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни рәсімдер кезінде карантин шараларын сақтау туралы айтып берді.

"Халқымызда ауыр жол батаңды сынайды, ауыр іс адамды сынайды" деген нақыл  сөз бар. Бұл сынақ жасқа да, жасамысқа да ауыр тиюде. Қазір карантин уақыты, адамдар әртүрлі ойларға салынып, кейбіреуі ауырып, емделіп жатыр. Қазіргі таңда біз барынша сабыр етіп, бірге болып, бір-бірімізге қолдау жасап, сынақтан аман-есен өтуді Алладан сұрасақ, қабыл етеді, - деді ол. 
Бас мүфти қазақ халқы талай кедергіден өтіп келе жатқан ұлы халық екенін айтты. 
Елбасы "ел болып бірігіп, Алла қаласа бұл сынақты міндетті түрде жеңеміз" деп айтты. Мемлекет басшысы да талай жиын өткізіп, осы мәселе аясында көп шешімдер қабылдап жатыр. Барлығымыз бірігіп, бұл сынақты да артта қалдырамыз. Тек қазір карантин талаптарын қатаң сақтап, бір-бірімізді құрмет қылу, өміріміз бен денсаулығымызды сыйлау қазір маңызды, - деді ол. 
Наурызбай қажы қазақтың салтына тоқталып өтті. 
Қазақта тойға бару, тойда тілек айту, адам өмірден кеткенде топырақ салу деген дәстүр бар. Алайда қазір дәстүрге түсіністікпен қарап, одан да маңызды адам өмірі екеніне көңіл бөліп, адамның амандығына үлес қоссақ. Қазіргі таңда той-жиындарды тоқтатты. Адамның өмірі болғаннан кейін, өлім болады. Ондай жағдайда туыстарымен атқарып, дұғада, тілекте болсақ. Қазір бата беруді бармай-ақ, қашықтан беретін мүмкіндік бар. Сондықтан талаптарды сақтайық, - деді ол.
03 шілде 2020 ж. 487 0