Қостанай облысында қабанға ұқсап туған қозы жұртты таңғалдырды
Қостанай облысы Жангелдин ауданында қабанға ұқсайтын қозы туды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жангелдин ауданының тұрғыны Ақпан Досановтың бағып отырған бір қойы жабайы аңға ұқсайтын қозы туған. Тəуіш ауылының тұрғыны Ақпан Досанов болған жайды агенттік тілшісіне айтып берді.
«9 сәуір күні қорада тұрған қой іш тастапты. Өлі туған қозы қойдың төліне еш ұқсамайды. Астыңғы иегі қабанға келеді. Бұл оқиғаны жариялап, елді дүрліктіргіміз келмеді. Бірақ, үйдегі немерелер суретке түсіріп, желілерге таратып жіберіпті. Біз мұны кейін білдік», – дейді Ақпан Досанов.
Қостанайлық мал дәрігері Алексей Тоневтің айтуынша, жабайы шошқа тектес төлдер көптеп кездеседі. Алайда, шаруалар мұндай жайттарды жариялай бермейді.
«Аң тектес қозыға бола байбалам салудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайлар қала іргесіндегі ауылдарда да кездескен. Сондықтан мұны төлдің шала туғаны деп қана қабылдау қажет», – дейді мал дəрігері.
Stan.kz