Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

Отандық дәрігерлер коронавирусты жай тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты.
Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиеваның айтуынша, тұмау кезінде демікпе болмайды. Дене қызуы көтерілгенімен, мұрын бітелмейді. Ал, коронавирус дертін жұқтырған науқастардың буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді.
Мұндай симптомдар байқалған жағдайды дәрігер көмегіне жүгіну керек, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Ең бастысы дене қызуына назар аудару қажет. Егер температураңыз 3 күн қатарынан 38 градустан түспесе, онда бұл вирустың бастапқы белгілері деген сөз. Яғни, дәрігерге қаралуыңыз керек", - деп түсіндірді Зағрипа Әбдиева.
https://qazaly.kz/
10 шілде 2020 ж. 533 0