Президент МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруға бұйрық берді

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.