Қазақстандағы Азалы күннің де, фейсбуктағы мұңлы жазбамның да соңы осы болса екен...

Мұндайда қазақ "Тас түскен жеріне ауыр" дейді де "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп, жүрекке сызат түсірген, сананы сансыратқан зілбатпан жүкті ағайын болып, ел болып бірге көтеріседі. Сөйтіп, қайғыны азайтады, жеңілдетеді.
Бүгінгі "Аза тұту" күнінің мән-маңызы да осы. Сондықтан марқұмдардың рухына арнап Құран бағыштайық. Елімізге амандық, тонның ішкі бауындай ынтымақ тілейік! Сырқаттанғандар сауығып кетсін, індет тезірек жойылсын, дәрігерлерге қуат берсін деп дұға қылайық. Ар-ұждан билейтін, әділдік салтанат құратын заманның орнауын сұрайық.
Р.S. Қазақстандағы Азалы күннің де, фейсбуктағы мұңлы жазбамның да соңы осы болса екен...
Дәурен Сейітжанұлы,
"Сыр медиа" ЖШС Бас директорының орынбасары