Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді онлайн тағайындауға болады
Халыққа қызмет көрсету орталығының #oqy&toqy айдарында «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін онлайн рәсімдеу туралы айтылады. Бұл қызмет түрін алу үшін:- Egov.kz порталына кіріңіз;
 - «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін табыңыз;
 - Қызметті онлайн сұратыңыз;
 - Қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз;
 - Ақпаратты тексеру қажет;
 - Сұранымды жіберіңіз;
 - Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет;
 
Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
- Жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат;
 - Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіпкердің патенті;
 - Қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
 
Құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет 3 жұмыс күні ішінде дайын болады.
kyzylorda-news.kz
		





		
		



