Жақсылық Үшкемпіровтің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Олимпиада ойындарының чемпионы кеше өмірден өткен еді. Ол 69 жасында бақилық болды.
"Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары", - деп жазды президент.