Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

4 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін отбасыңызға көңіл бөліңіз. Жақындарыңыз сізден жылулық күтеді. Олардан бар мейіріміңізді аямаңыз.
Торпақ
Еш қамықпаңыз. Бітпей жатқан іске өзіңізді кінәлі санауды қойыңыз. Жұмысқа бола жүйкеңізді жұқартпаңыз.
Егіздер
Керемет күн. Достарыңызды кездестіріп, көңіл көтересіз. Барлығы сіз ойлағандай болады. Ештеңені уайымдамаңыз.
Шаян
Шаруаларыңызды кейінге қалдырмауға тырысыңыз. Барлығын дер кезінде орындаңыз. Сонда ғана жетістікке жетесіз.
Арыстан
Қаржылық жағдайыңыз оңалады. Ақшаға қатысты жұмысты аса сақтықпен атқарасыз. Қателіктерге бой алдырмаңыз.
Бикеш
Жемісті күн. Кез келген ісіңіз алға басып, күніңіз сәтті өтеді. Бүгін тек жаңа серіктестер, жаңа достар табасыз.
Таразы
Күннің алғашқы жартысы қиындық туғызады. Ұсақ-түйек мәселелер жүйкеңізге тиіп, шаршатады. Сондықтан таңертеңгілік маңызды мәселелерді қолға алмаңыз.
Сарышаян
Отбасыңызда күтпеген жағдай орын алады. Жақындарыңыз сізді бір қорқытады. Сонан соң барлығы қалыпқа келіп, мәселенің соңы сәтті аяқталмақ.
Мерген
Бүгін бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізу алғашқыда қиынға соғады. Ақырында табысқа жетудің жолын табатын боласыз.
Тауешкі
Жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Дегенмен оңай олжа табамын деп ойласаңыз. Оның барлығы бекер екенін естен шығармаңыз.
Суқұйғыш
Айналаңыздағы адамдармен жұмыс жасасуға сәтті күн. Сіздің іс-әрекетіңіз көпшілікке ұнамауы мүмкін. Алайда сіз сабырлылық таныта біліңіз.
Балықтар
Күніңіз жайлы өтеді. Туындаған мәселелердің көбісі өздігімен шешілетін болады. Сондықтан оларға бола өзіңізді шаршатудың қажеті жоқ.
kyzylorda-news.kz
04 тамыз 2020 ж. 193 0