Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

3 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жетістікке жету оңай емес. Ол үшін біраз тер төгуіңіз қажет. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізу қиынға соғады. Тіпті шаруаңызды аяқтамауыңыз да мүмкін.
Торпақ
Сіз барлық жағдайды жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Шаруаңыз жоспарыңызға сәйкес келмесе де алаңдап боласыз. Бүгін жақындарыңызбен тіл табысу да қиын.
Егіздер
Ерекше күн. Барлығы сіз ойлағандай болмайды. Дегенмен қызықты оқиғалар орын алып, күніңіз сәтті өтеді. Маңызды шаруаларды кейінге қалдырыңыз.
Шаян
Өте сәтті күн. Өзіңіз көптен бері ойлап жүрген мақсатыңызға қол жеткізесіз. Сіз жолыңызда кездескен кедергілерге қарамастан тек алға ұмтыласыз.
Арыстан
Алдағы күндерге жоспар құрмағаныңыз жөн. Қандайда бір істі тек ақылмен шешіңіз. Ойланбай әрекет етпе. Сонымен қатар бүгін жаңа серіутестер табасыз.
Бикеш
Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Ұсақ-түйек шаруаларға бола өзіңізді шаршатпайсыз. Егер өз белсенділігіңізді жоғалтпасаңыз, барлық мәселе тез шешімін табады.
Таразы
Өз қалауыңызға қол жеткізу үшін тынбай еңбек ету қажет екенін естен шығармаңыз. Жақындарыңызды әңгіме барысында ренжітіп алудан сақтаныңыз.
Сарышаян
Күніңіз сәтті өтеді. Барлық жоспар ойдағыдай жүзеге асып, көптен қобалжыған көңіліңіз орнына келеді. Ештеңені уайымдамаңыз.
Мерген
Бүгінгі күн жұмысқа да, жеке өмірге де қатысты сауалдарға жауап табуға болатын күн. Сонымен қатар бүгін кез келген адаммен тіл табысып, ісіңіз алға басады.
Тауешкі
Жанға жайлы керемет күн. Мақсатыңызға көп күш салмай-ақ қол жеткізуге болады. Өзіңіздің біліктілігіңіздің арқасында әріптестеріңіздің оң бағасын аласыз.
Суқұйғыш
Бүгін қызықты іспен айналысасыз. Жұмыста да болашағы зор маңызды жобаны қолға аласыз. Сонымен қатар пайдалы келіссөздер жүргізесіз.
Балықтар
Асықпаңыз. Дәл қазір асығыстық танытудың қажеті жоқ. барлығын байыппен, жан-жағыңызды бағдарлап барып әрекет еткен жөн.
kyzylorda-news.kz
03 шілде 2020 ж. 278 0