Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 тамызға арналған ауа райы болжамы

14 тамызға арналған ауа райы болжамы

14 тамыз, жұма күні солтүстік шығыстан соққан циклон және онымен байланысты ауа ағындары бөліктерінің әсерінен ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жұмада кей жерде жаңбыр жауады, шығыста күн күркіреп, найзағай ойнайды, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Тек елдің оңтүстігінде күн ашық болады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау, күндіз Ақтөбе, Қостанай, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде 15-20 м/с жел күшейеді, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.
baq.kz​​​
14 тамыз 2020 ж. 527 0