Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы бойынша 15 медициналық ұйым жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастады

Қызылорда облысы бойынша 15 медициналық ұйым жоспарлы емдеуге жатқызуды қайта бастады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында аймақтар бойынша жоспарлы емдеуге жатқызуды қалпына келтіру күні көрсетілген медициналық ұйымдардың тізімі пайда болды. Тізбе үнемі өзектендірілетін болады.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Бірінші кезекте, ауруханаға жатқызуды республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникалар, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді ауруханалар COVID-19-мен күрес жөніндегі іс-шараларға қатыспайтын қалған стационарларды кезең-кезеңімен қоса отырып жүргізе бастады.
2020 жылдың 10 тамызына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша елімізде медициналық сақтандыру қорының 15 медициналық ұйымы жоспарлы медициналық көмек, оның ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, хирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, реанимациялық, акушерлік – гинекологиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бейіндер, торакалдық хирургия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді. Жоспарлы медициналық көмек қызметтерін жеткізушілердің толық тізімімен Қордың сайтында танысуға болады. Тізім үнемі жаңартылып отырады.
«Коронавирусқа қарсы іс-шараларға қатыспайтын медициналық ұйымдар жұмысын қайта бастауға мүмкіндік алды. Әр аймақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр түрлі болатын жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастаудың жеке жоспарын жасады. Оны аймақтық штаб бағалайды», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген медициналық қызметтер жоспарлы түрде тоқтатылды. Енді олардың қайта жандануымен жоспарлы медициналық көмекті тұтынудың айтарлықтай өсуі күтілуде. Қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды өткізгеннен кейін медициналық ұйымдарға стационарлар ашуға рұқсат беріледі.
«Медициналық қызметтерді тұтынудың болжамды өсуін ескере отырып, үшінші тоқсанда ағымдағы жылға жоспарланған көлемдер орындалуы мүмкін. Мысалы, бірінші тоқсанда жоспарлы емдеуге жатқызу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,4% - ға өсті. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда мамандандырылған медициналық көмек 39,0% – ға, медициналық оңалту 64,1% - ға ұлғайды. Қор өз тарапынан қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізеді», – деді Бақыт Исмаханбетов.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі.
14 тамыз 2020 ж. 488 0