Жоспарлы медициналық көмек 1 тамыздан бастап қайта жанданды.

Пандемия кезеңінде көптеген жоспарлы қызмет кейінге қалдырылғанын ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерге деген сұраныс айтарлықтай өседі деп болжап отыр. Осыған байланысты медициналық көмекті қаржыландыру жоспарына түзетулер енгізілуде.
Қордың болжамы бойынша, үшінші тоқсанда жоспарлы көмек көлемі МӘМС жүйесін енгізу кезінде көзделгендей, жыл басындағы деңгейге дейін өсуі мүмкін.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда барлығы 32 896 науқас емделді, оның ішінде жоспарлы түрде 12 584 адам (37,4%), екінші тоқсанда 27 637 науқас емделді, оның ішінде жоспарлы түрде 9 018 адам (32,7%) емделді. Осылайша, екінші тоқсанда МӘМС жүйесіндегі қызметтер көлемі төмендеді: бірінші тоқсанмен салыстырғанда жоспарлы емдеуге жатқызу 4,7% – ға, медициналық оңалту 1,8 есе (45%) төмендеді. Ал жоғары технологиялық қызметтер көлемі 53% – ға өсті.

kyzylorda-news.kz«Денсаулық сақтау жүйесі вирусты жеңеді деп үміттенеміз және Қор пациенттер алдындағы өзінің іске аспай қалған міндеттемелеріне қайта оралады», – деді Бақыт Исмаханбетов.