Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘМСҚ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қиындықтардан қалай қорғайды?

ӘМСҚ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қиындықтардан қалай қорғайды?

Kyzylorda-news.kz. Ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамы өзгерді. Халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру төлемдері кейінге қалдырылып, карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлері  қысқарды. Бұл туралы «ӘМСҚ» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында мәлімдеді.
 «Осы шаралардың барлығы Қор қызметіне белгілі бір жүктеме алады. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету және азаматтардың медициналық қызметтерді алуы үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. Жалпы МӘМС жүйесіне қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті қор басшысы.
Оның айтуынша, Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, оған сәйкес медициналық қызмет көрсетушілердің барлығы шартты түрде төрт топқа бөлінген:
I – топ – бұл медициналық қызметтерді қаржыландыру жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаттарына негізделетін және орындалған қызметтердің көлеміне байланысты емес медициналық ұйымдар. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалар), жедел жәрдем, онкология, психиатрия, тубдиспансерлер және т. б. ұйымдары, сондай-ақ ұсынылатын медициналық көмек көлемін төмендетпеген медициналық ұйымдар. Олар бойынша қаржыландыру толық көлемде сақталады. Сондай-ақ, инфляцияны өтеу үшін екінші жартыжылдықта төлем тарифтерін арттыру жоспарлануда. Бұл топқа медициналық қызметтерді жеткізушілердің 80%-ы кіреді.
IІ – топ – бұл COVID-19 бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартылған және тиісінше жеткіліксіз қаржыландырудың ең аз тәуекелдері бар медициналық ұйымдар. Алайда, оларда жоспарланған медициналық көмектің қалған көлемін орындамау қаупі бар.
«III топ — карантинге байланысты көрсетілетін қызметтер көлемінің, оның ішінде жоспарлы емдеуге жатқызудың төмендеуін сезінетін медициналық ұйымдар. Мұнда біз бірнеше іс-шаралар әзірледік: қосымша аванс өткіздік, аванс ұстап қалу кестесін өзгерттік, сондай-ақ екінші тоқсанда орындалмайтын қаржыландыру көлемін 2020 жылдың екінші жартыжылдығына қайта бөлдік. Осылайша медициналық ұйымдар өздерінің жылдық көлемін орындай алады. Оған қоса инфляцияны өтеу үшін екінші жартыжылдықта көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тарифтерін ұлғайтамыз.», – деді Айбатыр Жұмағұлов.
IV  топқа жете қаржыландырылмау тәуекелі бар консультациялық-диагностикалық қызметтерді қоса орындаушылар жатады. Үшінші топқа қатысты осындай қолдау шаралары екінші және төртінші топтарға да қолданылады.
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Бүл отырыста коронавирусты тарату кезеңінде медициналық ұйымдарды қолдау бойынша ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды. Үкімет Қаулысына сәйкес, COVID-19 алдын алу жөніндегі іс-шараларға республикалық бюджет қаражаты Қор арқылы жүргізілді, өйткені медициналық қызметтерге ақы төлеудің пысықталған тетігі болды. Жалпы эпидемияға қарсы іс-шараларға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, КВИ бойынша қосымша іс-шараларға 23,4 млрд теңге бөлінді.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес ӘМСҚ жұмысына оң баға берді және оның медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. Қоғамдық кеңестің құрамында денсаулық сақтау саласының сарапшылары, саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары, тілшілер және басқалар.

26 мамыр 2020 ж. 651 0