Биыл қазақстандық түлектер қандай мамандықтарды көп таңдады?

Министрлік мәліметінше, маусым айында ҰБТ тапсыруға 131 754 өтініш түскен. Оның ішінде 83 мыңнан астам талапкер шекті балды жинап, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Былтырғымен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірушілер саны 11% артқан.
Үміткерлердің үштен бірі математика-физика пәндерін таңдады – 33%, химия-биология – 20% және математика-география – 12%.
«24 kz»