Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

Облыс тұрғындарын «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңына сәйкес құрылған https://open.egov.kz- «Ашық үкімет» порталының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырамыз.
  «Ашық үкімет» порталының мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру болып табылады.
  «Ашық үкімет» порталының компоненттері және мүмкіндіктері:
  «Ашық деректер» порталы. Сіз осы жерден мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қолжетімді және де машина оқи алатын түрде (компьютерлік бағдарлама жасаушылар үшін API – форматында) деректер жиынтығын орналастыру арқылы өз қызметінің айқындығын қамтамасыз еткенін көре аласыз. Егер Сізге қандай-да бір деректер қажет болып, оларды порталда таба алмаған жағдайда, Сіз оларды қосуға өтініш бере аласыз.
«Ашық Диалог» порталы арқылы мемлекеттік орган басшыларының блогтарына электрондық түрде өтініш қалдыруға, маңызды тақырыптардағы интернет-конференцияларға қатысуға, сауалнамадан өтуге, ұялы байланыс сапасына шағым қалдыруға болады;
  «Ашық НҚА» порталы (нормативтік құқықтық актілер) арқылы мемлекеттік органдармен қабылданатын барлық маңызды нормативтік құжаттардың жобасын талқылауға, пікіріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыруға болады;
  «Ашық бюджеттер» порталына мемлекеттік органдар өз бюджеттік жоспарларын бекітілгенге дейін және де бюджеттің орындалуы бойынша есептерін орналастырады. Мақсаты – бюджеттік процеске азаматтардың қатысуы арқылы бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу ашықтығын қамтамасыз ету. Яғни, Сіз мекеменің немесе облыстың бюджетінің жоспарлану сатысынан бастап, орындалуы бойынша есептерге дейін талқылап, өз пікіріңізді, ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.
 Ескертпе: «Ашық үкімет» порталының мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін, Сізге EGOV.KZ порталында тіркелу қажет.

13 сәуір 2018 ж. 1 161 0