Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

20 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін барлық шаруаны кейінге ысырып, демалғанды жөн санайсыз. Бірақ алаңсыз дем алу үшін материалдық жағдайыңыз жақсы болғаны дұрыс. Алдымен жағдайыңызды түзеп алыңыз.
Торпақ
Күш-қуатыңыз таусылып, шаршаңқы күйде жүресіз. Сізге шағым айтушылар көбейеді. Шаршап жүргендіктен аздап сырқаттанып қалуыңыз да мүмкін. Емші, балгер аралағаннан гөрі, мамандарға жолыққаныңыз дұрыс.
Егіздер
Мақсатқа жету оңай емес. Қазіргі сәттегі жағдай қиындау. Бірақ бұл сіздің алға қарай ұмтылуыңызға еш кедергісін келтірмейді. Сіз өте шыдамдысыз және табандылық таныта білесіз.
Шаян
Қарбалас күн. Жұмыс барысында мәселелерден құтылу оңай емес. Сіздің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз ескерусіз қалады. Салқынқандылық танытыңыз. Өзгелердің арандатуына ермеңіз.
Арыстан
Жолдасыңызбен ойларыңыз үйлеспей, тіл табысу қиындай түседі. Сіз оны өз дегеніңізге көндіре алмай әлек боласыз. жұмысқа да енжарлық танытып, үй шаруасына да қолыңыз бармайды.
Бикеш
Айлық жалақыңыз өседі немесе қосымша табыс көзін табасыз. Қиын жағдайда оңтайлы шешім шығара аласыз. Жақындарыңызбен емен-жарқын әңгімелесіп, бір-бірлеріңізді жақсы түсінісесіздер.
Таразы
Көп жұмыс атқару үшін белсенді болыңыз. Мықты қарсыласпен «жекпе-жекке» шығасыз. Еш саспаңыз, тек өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Сонда ғана жеңіске жетесіз. Өз ісіңізге өзгелерді араластырудан аулақ болыңыз.
Сарышаян
Тәуекелге бел буа біліңіз. Әрбір істе тәуекелділік танытсаңыз жұлдыздар да сізді қолдап, жұмысыңыз сіз ойлағаннан да артығымен орындалады. Күнделікті істен еш жалықпайсыз, керісінше ләззат аласыз.
Мерген
Жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Материалдық жағдайыңыз да жақсарып, жұмысыңыз алға басады. Әріптестеріңізбен де жақсы қарым-қатынас орнап, ісіңіз нәтижелі болмақ.
Тауешкі
Бүгін көп жұмыс тындыруға күш-қуатыңыз жетеді. Табысқа жетуге бірнеше жол ашылады. Сіздің алдыңызда сол жолдың бірін таңдау мүмкіндігі тұр. Көпшілік сіз туралы көп ақпарат алғысы келеді.
Суқұйғыш
Өзіңіздің келбетіңізге, сырт бейнеңізге мән беріңіз. Сол арқылы жетістікке жетіп, маңызды келіссөздер сіздің пайдаңызға шешілетін болады. Бүгін жеке өміріңізге қатысты маңызды мәселелерді шешпегеніңіз жөн.
Балықтар
Жолдасыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартасыз. Әңгімелеріңіз жарасып, ойларыңыз бір арнадан шығады. Болашаққа жоспар құрасыздар. Қиналған сәтте жолдасыңыздан көмек сұраңыз.
kyzylorda-news.kz
20 тамыз 2020 ж. 445 0