Балықтар: Жұлдыз белгісінің мінездемесі
Балықтардың ең үлкен ерекшеліктерінің бірі – өзіне сырттай баға беріп, күшті және әлсіз қасиеттерін бағалай алады. Сондықтан аталған жұлдыз белгісі өкілдері нені еңсеріп, нені еңсере алмайтынын жақсы біледі.
Балықтар тұрақтылығымен ерекшеленбейді: олар өз уәдесінен тайып, тіпті, ұмытып кетуі мүмкін. Сонымен қатар бір күнде бірнеше рет көзқарасын өзгерте алады. Кейде мұндай адамдар өзгелердің алдында өзін жақсы етіп көрсету үшін, кейде еш себепсіз өтірік айтады.
Балықтар көбіне әлсіз әрі қорғансыз болып көрінеді. Олар кейде әдейі одан сайын осындай болып көрінуге тырысып, өзгелердің қолдауына қол жеткізгісі келеді. Шын мәнісінде, олар – еріншек, сонымен қатар арманшыл. Сондықтан әрекетке кіріскеннен гөрі, қиялдап жатқанды ұнатады. Оған қоса Балықтар материалдық игіліктерді бағалай бермейді. Ал көп күш жұмсамай әлденеге қол жеткізудің сәті туған кезде, мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысады.
Балықтардың арасында өзгелердің теріс ықпалына еріп кететін әлсіз тұлғалар кездеседі. Сонымен қатар күшті, еңбекқор және мақсатына жете білетін жандар да бар. Десе де оларға табысқа жету үшін, керек уақытта керек жерде болу қажет.
Балық-ерлерден батыл әрекеттерді күтудің қажеті жоқ: олар ағыспен жүзуге бейім. Егер Балық-ерлер табысқа жетсе, бұл олардың еңбегінің емес, жолы болғыштығы мен жағдайлардың сәтімен болуының нәтижесі. Әдетте аталған жұлдыз белгісі өкілдерін айналасындағылар аз қызықтырады және олардың жасырын дұшпандары көп. Олардың өмір туралы ойы шындықтан алшақ.
Балық-әйелдер – өте сезімтал, жаны нәзік. Олар әлдекімнің өзін қорғап, аялағанын қалайды. Мұндай әйелдер – өте мейірімді және ұқыпты, балаларды жақсы көреді, алайда бала тәрбиесі үшін мінезі өте жұмсақ.
Балықтар – белсенді емес жұлдыз белгісі. Аталған жұлдыз белгісінің өкілдерінің бойында табандылық, бірбеткейлік деген қасиеттер жоқ. Олар өмірінде орын алған кез келген жағдайда бәрі өздігінен реттелетініне сеніп, ұсақ-түйек жайттар үшін уайымға салынбайды.
Жалпы, Балықтар – өте ұстамды адамдар; егер олар эмоцияға берілсе, ұзаққа созылмайды және өзгелерге байқала қоймайды. Балықтар жан тыныштығын қалайды және себепсіз үрей мен уайымға бой алдырмауға тырысады.
Балықтар маңызсыз деген шешімнің өзін қабылдау үшін ұзақ уақыт ойланады. Бұл мәселеге жан-жақты қарауына емес, нақты бір нәрсені таңдай алмауына байланысты. Аталған жұлдыз белгісінің өкілдері ішкі түйсігіне сенгенді жөн көреді және тағдырдың белгілеріне сенеді.
Балықтардың бойынан пайдакүнемдік, атаққұмарлық деген қасиеттер табылмайды. Оларға өзін күткеннен гөрі, өзгелерге көмектескен ұнайды. Десе де Балықтар айналасындағыларға нақты іспен көмектесе қоймайды, тек жаны ашып, жұбатуға қабілетті. Есесіне, өзгелерді көмекке мұқтаж жанға жәрдемдесуге мәжбүрлей алады.
Балықтар бәсекелестік пен жанжалдан алшақ жүруге тырысады. Олар өзгелердің өзіне қамқор болғанын жақсы көреді және соған мүмкіндік береді.
Балықтардың зейінділігі ерекше: олардың пайымдауы керемет, көзқарасы әртүрлі, айналасындағылар туралы ойы да нақты емес. Балықтардың арасында жолы болмайтындар көп. Десе де үйлесім мен бақытқа қол жеткізетіндері де баршылық.
https://stan.kz/