Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдерді халық сайлайды

Әкімдерді халық сайлайды

Елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс жасау басталып кеткенін айтты. Қазіргі таңда елімізде жергілікті басқарудың жаңа жүйесі әзірленіп жатыр.
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл тұжырымдама аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленеді», – деді министр.
Мұндай шараларды қабылдау мақсатында жергілікті бюджеттен бірқатар қаражат бөлініп үлгерген. 
«Еліміздің өңірлік дамуына әрбір нақты өңірдің бәсеке артықшылығын ашу жөніндегі шараларды қамтитын жаңа тәсілдер әзірленеді. Бұл үшін 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасына тиісті өзгерістер енгізілмек. Ауылдардағы өзекті инфрақұрылым мәселелерін шешуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасын белсенді іске асыру жалғасады», – деді Руслан Дәленов.
https://kyzylorda-news.kz/​​​
02 қыркүйек 2020 ж. 675 0