Қызылордада бүгінге дейін 1622 гектар күріш алқабы орылды
Өңірде 22 тамыздан бастап күрішке орақ салу жұмыстары басталып, бүгінде 3715 гектар күріштің 1622-сы қамбаға бастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.
kyzylorda-news.kz«Егін жинау маусымы басталғалы бері 3715 гектар күрішке орақ салынып, оның 1622 гектары бастырылды. Әзірге егіннің әр гектарынан шамамен 43,0 центнерден өнім алынуда. Сондай-ақ, егін жинау жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасады. Яғни басты міндет орылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату»,-деді Сейілбек Серғазыұлы.