Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Карск теңіздін аймағынан келетін циклон әсер етеді. Нәтижесінде елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр болады, бұршақ жаууы ықтимал. Тек Республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-шығыста кей жерлерінде 30 м/с жетеді. Оңтүстікте шаңды дауылмен. Кей жерлерде дауыл, тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейді. Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел түнде кей жерлерінде, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Манғыстау, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл, Алматы облысында дауыл күтіледі. Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының шығыста жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, шаңды дауылмен. Қызылорда облысының жел түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күшейеді. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, оңтістік-батыста 30 м/с және одан аса күтіледі.
Қызылорда облысында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының шығыста төтенше өрт қауіпі сақталады.