Күзде не жемеу керек?

Фаст-фуд. Көбіне фаст-фуды көп жеудің арты күзгі авитаминозға соқтырып жатады. Чипстар мен қытырлақтардан бас тартқаныңыз жөн.
Қант. Диетологтар қантты тек күзде ғана емес, жылдың барлық мезгілінде аз жеуге кеңес береді. Қантты табиғи балмен неге алмастырмасқа?
Кофе. Күніне 3-5 кесе кофе ішетін болсаңыз, кофеге бағыныштылардың бірі болғаныңыз. Кофе кесесінің санын азайтып, күніне 2 кесе ішсеңіз де, жеткілікті.
Тәттілер. Торт, шоколадты да көп жемеуге тырысыңыз.
Жаңбырлы күз күндерінде салқын тамақтарға қарағанда, ыстық тамақтарды көп жеп, әлсіз ағзамызға күш беруіміз керек. Созылмалы аурулар күзде оянып, күшіне енетіндіктен, көбіне ыстық тамақтың сұйығын ішкен жөн. Етті бұқтырып пісірген дұрыс.
https://qazaly.kz/