Арал ауданы: 13300 гектар жерге сексеуіл егілді

Арал теңізінің құрғап қалған табанындағы орман мелиорациясы жұмыстары үшін арнайы питомниктерде сексеуіл көшеттері өсіріліп, дайындалады. Жоба аясында теңіз табанына үш жылда 5 миллион түп сексеуіл көшеті отырғызылды.
«Үш жылға жоспарланған жобаның негізгі мақсаты экологиялық жағдайды жақсарту. Өздеріңізге мәлім, Аралда кұм көшкіні көп болады. Сондықтан сексеуіл таңдалды. Оның бір тамыры 4 тоннаға жуық құмды ұстап тұруға қабілетті», – деді облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев.Жалпы, 1980 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Арал теңізінің құрғап қалған табанының 190 мың гектарына сексеуіл егілді.
