Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » С. Айтжанов: Құрғаған жерге сексеуіл отырғызып, құнарын сақтаймыз

С. Айтжанов: Құрғаған жерге сексеуіл отырғызып, құнарын сақтаймыз

Сахитжан Айтжанов, Өзбекстан мемлекетінің әлеуметтік қызметтерге мониторинг жүргізу және бағалау бірлестігінің жетекшісі
        Өзбекстан мемле­ке­тінде шөлейтті жерлерді қалпына келтіру жұмыс­тары кешенді жүргізіліп келеді. Бұл үшін сексеуіл көшеттері отырғызылуда. 2002 жылы колға алын­ған жұмыстар нәтижесін беріп жатыр. Президент Ш.М. Мирзиёевтің қолдауымен 2009 жылы көлемді жоба қолға алынды. Құрғап қалған жерлерге сексеуіл көшетін отырғызу, өсімдіктер дүниесін байыту біз үшін өзекті болып отыр. Дер кезінде қолға алынған жобалар арқасында біз жеріміздің көптеген бөлігінің құрғап кетудің алдын алдық. 15 мың гектар жерге сексеуіл көшетін отырғыздық. 2018 жылы 20 гектар жерге сексеуіл көшеті отырғызылды. Бүгінде сіздердің бас­ты мәселемізге айналып отырған Арал теңізінің тартылуы бізді де алаңдатады. Өзара көршілес мемлекет болғандықтан, біздің жеріміз өте ұқсас болып келеді. Табиғат байлығын қорғау саласында да екі ел басшысы бірлескен жобаларды қолға алды.  Құрғап қалған жерлерге сексеуіл отырғызу арқылы біз жеріміздің құнарын сақтап қана қоймай, осы бір өсімдік түрінің көбеюіне үлес қоса береміз.
22 қараша 2019 ж. 717 0