Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: Аралдағы 10 мың гектар аумаққа сексеуіл егілді

Министр: Аралдағы 10 мың гектар аумаққа сексеуіл егілді

Сексеуіл – біздің ұлттық мінезімізді танытатын ағаш. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды inform.kz
«Ақпарат көздерінен сексеуілді сақтау туралы қызықты материал оқыдым. Өкінішке қарай, шөл даланың осынау қазынасына браконьерлік шабу салдарынан жылына 700 млн доллар шығын келтіріледі. Мұның арты тұтас ауылдардың шөл далаға айналуына әкеп соғады. Адамдар ақыры жайылым жерсіз де қалады. Яғни, экологияға да, ауыл шаруашылығына да зиян келеді. Осының салдарынан адамдардың денсаулығы да нашарлайды. Мемлекеттік деңгейде сексеуілді шабуға тыйым салынған. Айыппұл бар. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, өкінішке қарай бұл шектеулердің әлі де жеткіліксіз екенін көрсетуде», - деді Д.Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі осыған байланысты мемлекет БҰҰ-ның қолдауымен сексевіл сақтап қалу бағытында бірнеше жобаны қолға алғанын еске салды.
«Арал теңізінің түбіне сексеуіл егіліп жатыр. Көшет бақтары құрылуда. Сондай-ақ, сексеуілді өсімдіктерден қорғау жұмыстары да бар. Ұмытпасам, 2019 жылы 10 мың гектар аумаққа сексеуіл талы егілген. 2020 жылы бұл жұмыс жалғасын табады. Бұл қадам ұлттық құндылығымызды сақтап қалуда дұрыс әрі қажетті бастама. Сексеуілді – біздің ұлттық бренд деуге болады. Мәселен, біздің ел оның өсу ауқымы бойынша біз әлемде бірінші орындамыз. Екіншіден, сексеуіл біздің ұлттық мінезімізді танытатын ағаш. Ол шөлді өзгертуге қауқарлы. Ол қатты әрі майыспайды. Оны балтаның көмегімен сындыру оңай емес. Сондықтан, қазақ ежелден бұл қатты ағашты қастерлейді», - деді министр.

15 қараша 2019 ж. 754 0