Сенімнен шығу – міндет
Праймериздің бірінші кезеңі өтіп, көңіл орныққандай... Жаңалықтың бәрі адам баласына қызық қой . Өзіңді қолдап , жасаған еңбегіңді көзбен көріп , ұғып жатса одан артық не керек ? Мені қолдаған барша жерлестеріме, дауыс жинауыма септігін тигізген партияластарыма алғысым шексіз. Бірінші кезеңнен 2163 (38%) дауысты жинап , алдыңғы бестіктің бесіншісі болдым. Дамыған елдердің сайлау үлгісіне жүгініп, ашықтықпен болып жатқан бұл жаңалық үнемі жалғасын тапса деймін . Ел таңдауы қашанда елден еректерді табады емес пе? Праймеризде ең ,ең деген азаматтарды сүзгіден өткізгендей . Дегенмен , алда мүдде мен мақсат , жететін нәтиже көп, ал, оған жету үшін біраз тер төгу керек . Ол - еңбек, бірлік, сабырлылық , төзімділікті талап етеді . Сондықтан, мен партияластарыммен біргемін . Қазақ халқы қашанда дана халық қой, шіркін, көшпелі мәдениеттен бастау алып осы өркениетті заманның ағымына ілесіп келе жатырған қазақ халқының ешбір халыққа ұқсамайтындығы ықылым заманнан дәлелденген дүние. Сол кезде ірілігі мен сүйектілігі қатар жүретін қазақ халқының дарқан ашық та, таза пейіліне қалай шүбә келтіресің . Сол , асыл текті халықтың бір парасы менің туған өлкем, Арал ауданының халқына адами тұрғыдан менің алға қойған мақсатыма сонау алысқа көз жүгіртіп , сенім білдірген және осы уақытқа дейін жасап келе жатқан игілікті істеріме баға бере білген сайлаушыларыма,өзім қызмет етіп жатқан Абай ( ҚАРАҚҰМ), ЖІҢІШКЕҚҰМ, ТОҚАБАЙ, ЕРІМБЕТЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕН тұрғындарына, соның ішінде “Nur Otan " партиясының белсенді мүшелеріне шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Басты мақсат - алға ұмтылу , елге пайдамды тигізу , сонымен қатар перзенттік парызымды адал орындау. Праймериз- жаңаша сайлау жүйесі болса , сол жаңалықтың жаршысы болу мен үшін де қуаныш . Менімен бірге үндес болған ауыл, аудан партияластарыма әрбір істеріне сәттілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
№59 орта мектеп директоры Ш.Жангушикова
Арал ауданы,
№59 орта мектеп директоры Ш.Жангушикова