Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қандай банкноттар айналымнан шықты?

Қазақстанда қандай банкноттар айналымнан шықты?

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналыстан алудың төрт жылдық кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.
Бұл банкноттар 2006 жылы 15 қарашада айналысқа шығарылған болатын және 2016 жылы 4 қазаннан бастап заңды төлем құралы болуын тоқтатты.
"Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және Ұлттық банктің филиалдары жоғарыда аталған банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады. Айырбастау кезеңі төрт жылға созылды.
Айналыстан алу мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының және Ұлттық Банк филиалдарының қабылдауына және айырбастауына жатпайды", - делінген хабарламада.
09 қазан 2020 ж. 757 0