Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусымда 2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар қабылданбайды

Маусымда 2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар қабылданбайды

Ұлттық банк 10 маусымда еліміз 2006 жылы айналысқа шығарылған 500 теңгелік банкноттарды бұдан былай қабылдамайтынын еске салды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

10 маусымға дейін ескі үлгідегі банкноттар заңды төлем құралы болып саналады.
«10 маусымға дейін төлем құралы ретінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Заңды төлем құралы болғандықтан банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соғады.
2020 жылдың 10 маусымынан кейін 2006 жылы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем болмайды», - деді қаржы реттеушісі.
10 маусымнан кейін екінші деңгейлі банктер 12 ай ішінде жарамды банкноталарға ескі банкноттарды қабылдап айырбастап береді.
Осы уақыттан кейін 2006 жылғы үлгідегі 500 теңгені Ұлттық банктің филиалдарына қайтаруға болады, Қазақстанда мұндай мүмкіндік тағы үш жылға дейін жалғасады.
16 сәуір 2020 ж. 891 0